14
декабрь
2021
ҚР БҒМ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЛУ ҮШІН ТЕГІН ОНЛАЙН-САБАҚТАР ӨТКІЗІП ЖАТЫР

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтар өткізіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастырумен және өткізумен айналысады.
Онлайн сабақтар ірі республикалық білім беру орталықтарымен бірлесіп әзірленді. Сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез-келген уақытта көре алауы үшін сақталады.
Осылайша, Ұлттық тестілеу орталығы мен ірі білім беру орталықтары түлектерге емтиханға сәтті дайындалуға көмектеседі. Талапкерлерге арналған онлайн-сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады.
Тегін онлайн сабақтар мына кесте бойынша өткізіледі:
• Qazbilim орталығы «Qazbilim.tv» Youtube каналында тікелей эфирде қазақ тілінде күн сайын сағат 20.00-де (Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша);
• Educon Dostyk «DostyQbilim» YouTube арнасында тікелей эфирде әр сейсенбі күні сағат 19.00-де қазақ тілінде, сағат 20.00-де орыс тілінде;
• Zerdeli-әр сейсенбі мен бейсенбі күндері сағат 20.00-де «Zerdeli.kz» YouTube арнасында;
• Sabaq online әр сенбі сайын сағат 15.00-де «Sabaq online» YouTube арнасында;
• Samga жұма күні сағат 20.00-де «Samga online» YouTube арнасында;
• Daryn online әр сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 18.00-де «Daryn online» YouTube арнасында тікелей эфирде дайындық сабақтарын өткізеді.