17
октябрь
2025
Қамқоршылық кеңес
"Қамқоршылық кеңесінің" жаңа құрамының қайта құрылатындығы туралы хабарландыру
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарындағы "Қамқоршылық кеңесінің" жаңа құрамының қайта құрылатындығы туралы хабарландыруШымкент қаласының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамының қайта құрылатындығы туралы хабарландыру Шымкент қаласының білім басқармасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығымен бекітілген 2-тарау 8 тармақшасына, 5-тарау 30 тармақ 1 тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі, орта білім беру, мамандандырылған және арнайы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мектептен тыс қосымша білім беру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру) Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамының қайта құрылатындығын және қамқоршылық кеңесіне мүшелікке үміткерлердің ұсыныстары қабылданатындығын хабарлайды. Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
- Осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып паралелінен осы білім беру ұйымындағы білім алышулардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі);
- Педагогикалық еңбек ардагерлері;
- Жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері;
- Үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері;
- Қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса);
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса);
- Оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері.